Наурыз
- Aray Aidyn
- 14 мая 2019 г.
- 1 мин. чтения
Наурыз мерекесі жер бетіне көктем келіп, жер жаңарып, табиғат жаңа тыныс алған құбылыстың бастауы. Мереке жаңа жылдың басталғанын білдіреді. Көптеген мың жылдар бойы тойланып келе жатқан мерекенің мағынасы да маңызы да өте жоғары.
Бұл мереке орта азия халықтарында бес мың жыл бұрыннан бастап тойланып келе жатқан мереке. Әр халықтар бұл мерекені әр түрлі атайды. Бірақ барлығының түп мағынасы бір - көктем, жаңа күн, жаңа жыл.
Мерекенің басты символдарының бірі ол әрине наурыз көже. Күн мен түннің теңелісуі мен бәйшешектері де ұмытуға болмас.
Наурыз көжег қосылатын дән түрлерінің көптігі тәрізді маңызы да асып жатыр. Қыстан шыққан халық Наурыз мерекесін тойлап, қалған бар астарын қайнатып наурыз көже даярлаған. Және де наурыз көже жайлы аңыздардың бірінде бұл ас татулыққа , бірлікке шақыру белгісі, қыс бойы өкпе реніштері бар адамдар бір үстел басына жиналып, бір қазаннан көже ішіп, мәңгілік бауырлармыз деген мағына білдіреді.
Мереке қазақ елінің басына ауыр күндер түскенде ұмытылып кете жаздап қалған мереке. Қазіргі таңда бұл мереке еліміздің ең ауқымды шараларының бірі болып келеді. Әз наурызды бүкіл ел болып тойлатып келеміз. Бұл мерекені тек үлкен буындар емес, жастар да қуана-қуана тойлайтып, мектептерде аталып өтіледі. Жас буындар мен балалардың сүйікті мейрамдары. Ең бастысы енді болашақта ұмыт қалмай, барлық салт-дәстүрлер сақталып Мәңгілік елімізде мәңгі тойлатылып, көктем иісі келе бастағанда Наурыз көже иісі де бірге келсе, ашық аспанымызда әр ұлт өкілдері тай қазаннан аңыздағы тәріздес бірге ас ішсе,осы дәстүрді сақтап қалу болашақ ұрпақтардың, біздердің ең маңызды, үлкен міндетіміз.

Comments