Мен жайлы
Айдын Арай көктемнің наурыз айының үшінші жұлдызында, 2003 жылы дүниеге келген. 2019 жылы Өскемен қаласы Нұрорда мектеп-лицейін тәмәмдаған. Жастайынан ән-хор үйірмелер қатысушысы. Қазақ тілі, ағылшын және тағы да басқа пән олимпиадалар жүлдегері. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік және қосымша қытай тілін еркін қарым –қатынас жасау деңгейінде біледі. 2017-2018 оқу жылдары Нұрорда мектеп-лицейінің Өзін-өзі басқару комитетінің министрі болып тағайындалды. Мектеп активисті, Жас Ұлан ұйымының мүшесі. Мектепшілік Media Club медиалық тобының қатысушысы. Бұл топ мектеп әлеуметтік желілеріне видео түсіріп, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысумен және кішігірім репортаж жасаумен айналысады. 2018-2019 оқу жылдары Өскемен қаласының Оқушылар Шығармашылық Сарайында Журналистика студиясында білім алған. Қалалық, облыстық және Республикалық газеттерге мақала жазған. Шығарма, өлең және шағын әңгімелерді жазумен айналысады. Монтаж жасау және фото-видео түсіруге қызығады. Қосымша қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнап, балет биін билеумен айналысып,би өнерінде бағын сынап , жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына ілді. Жаңа бағыттағы билердің бірнеше түрлерімен де айналысады.
Болашақта биік белестерді бағындыруды алға мақсат етіп қойған жалынды жас.
Нұрорда мектеп-лицейінің түлегі.
Журналист болу менің жастайымнан бері келе жатқан арманым. Бұл арманға жол ашқан менің ұстаздарым және қоршаған ортам. Тек арман бойымен жүру еш жеміс бермейтінін түсінген сәттен, өзіме мақсат қойып, мақсатыма қарай бірінші қадамымды жасай бастадым. Болған оқиғаларды жазып, қортынды жасау, шағын әңгімелер мен эссе,шығармалар жазу мен үшін ең сүйікті және қызықты іске айналды. Кейіннен келе мамандық таңдау, жоғарғы оқу орнын таңдау, емтихан сынды кезең келді. Әр адамнан әр түрлі пікірлер және бағыттаулар келе бастады. Бірақ менің түсінгенім, таңдаған мамандығы бойынша әр ісін адам асқан қызығушылығымен бастап, істесе, бар ықыласын соған арнап жалғастырса, жалықпаса таңдауы дұрыс. Тек шыдамдылықпен, нық қадаммен алға қарай жүру керек. Ал менің өз болашақ мамандығым журналистика әлеміне үлкен қадамдарымның бірі ол жоғарғы оқу орнына түсу, және мен таңдаған оқу орыны бұл мақсатыма үлкен саты боларына мен сенімдімін.
Жобалар

Жоспар
-
Кіріспе 1-бет
-
Зерттеу бөлімі:
1-тарау. қазақ батырларының саяси және халық өміріндегі маңызы. 2-бет
1. Ертегі әңгімелер мен аңыздардың жастарға және халыққа берері.3-4 бет
2.Дарабоз шығармасндағы батырлар бейнесі.5-10 бет
3.Қабанбай батыр бейнесі және қазіргі заман ойдан шығарылған батырлар бейнесі. 11-15 бет
2-тарау. Қазақ батырлары туралы тарихи деректер және қазіргі заман батырлар туралы заманауи деректер салыстыру. 16-20 бет
1. Өткен заман батырларының қазіргі заман жастарына берері. 21-22 бет
2. Қазіргі заманның ойдан шығарылған батырлардың жастарға берері. 23-24 бет.
3-тарау. Қазақ батырларын оқушылар мен жастар арасында жандандыру.
1.Ойын 25-бет
2.Эксперименттік бейнебаян 26-бет
Қорытынды 27-бет
Сілтемелер 28-бет
Пайдаланылған әдебиеттер 29-бет

Жоба жайлы қысқаша мәлімет
Бұл ғылыми жоба өткенімізде шын мәнісінде болған, ерлік жасаған батырлар мен қазіргі заманның ойдан шығрылған кейіпкерлерін салыстыра отыра батырлардың халыққа және жас жеткіншектерге берері көрсетілген. Ұмыт болып бара жатқан ержүрек тұлғаларды жандандыру мақсатында жасалған бұл жоба ойын және медиа құралдары арқылы балаларға таныстыру.