top of page
Поиск

Музыка құдіреті (мақала)

  • Фото автора: Aray Aidyn
    Aray Aidyn
  • 14 мая 2019 г.
  • 1 мин. чтения

Чарльз Дарвинның айтуы бойынша музыка адамдарға өз жұптарын табуға ықпал еткен екен. “Адамның пайда болуы” атты кітабында ол адамдар өз сезімдерін қарапайым сөздермен жеткізе алмайды, құстар тәрізді әр-түрлі әуендермен жеткізеді деп айтқан. Қазіргі біздің өміріміз сан алуан әуендер мен музыкаларға толы. Қарапайым жарнама бейне роликтерден бастап күнделікті құлаққаппен тыңдайтын өлеңдер өміріміздің бір бөлігіне айналды.Музыканың психологиялық жақтан көп әсерлері бар. Оны дұрыс қолдана білу адамдардың өздеріне байланысты.

Ғалымдардың әр түрлі зерттеулер жасап, көрген нәтижелерінен музыканың адамға деген пайдалы көптеген жақтары бар екені дәлелделінген.

Адам көңіл күйі мен тыңдап отырған музыка қатты байланысты.Тыңдаған әуенге қарай көңіл күй соған қарай өзгереді. Мысалы адам өзі жақсы көретін музыканы тыңдағанда мый дофамин бөліп шығарады. Ол адамға бақыт сезімін беретін нейромедиатор. Және музыка адамға деген ең жақсы мотиватор болып саналады. Оған дәлел Марсело Биглясси және оның әріптестері жасаған эксперименті. Мәре сызығында көңілді, мотивациялық өлең қосылған құлаққап, тыныш өлең қосылған құлаққаптар берілген. Ал үшінші қатысушы өлең тыңдамай жүгірген. Бірнеше рет көптеген адамдарға осы сынақты жасай отырып көңілді музыка тыңдаған адам мәре сызығына бірінші болып келетіндігі анықталды. Осы сияқты музыканың денсаулыққа, ұйқыға, демалысқа тағы да басқа көптеген пайдалары бар. Ал музыканы тыңдау дұрыс және керек. Бірақта берілген құралды дұрыс қолдана білу қажет. Көңіл күй мұғазып тұрғанда қайғылы өлеңдерді тыңдау, жұмыс барсында кедергі жасарлық шулы өлеңдер тыңдау дұрыс емес. Әр адам өз қажетіне қарай әуен тыңдау жақсы нәтижелерге алып келеді.


 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Comments


© 2023 by Elijah Louis. Proudly created with Wix.com

bottom of page