top of page
Поиск

“Аналарға хат жазамыз ” (Эссе)

  • Фото автора: Aray Aidyn
    Aray Aidyn
  • 14 мая 2019 г.
  • 2 мин. чтения

Ана деген үш әріпті сөзді айтқан сәтте сол бір жанның жылы алақаны мен айдай сұлу да күн нұрындай жылы жүзін, бар әлемде жоқ керемет бір өзіндік хош иісін және де шексіз махаббатын бірден есіме аламын. Бұл текқана сол бір сөздің маған берер әсері. Ал анамның қасымда болған кездегі менің жағдайымды сөздер сөйлеп жеткізе алмас, жырлар жырлап тауыспас. Неліктен осы бір жан адам баласы үшін өте қымбат? Неге ана ұғымы өте қастерлі? Ал анасыз жандар ше? Егер анама хат жазар болсам не дер едім?

Ана – барлық махаббат пен жылулық көзі. Ол өмір сыйлаушы және тәлім-тәрбие беруші. Олар бала үшін ең жақын жандар. Қандай да бір батыр, ғұлама, ақын, жазушылар болсын ана құрсағында жатып, ананың берген әсерінен, берген жылулығынан қандай да бір дәрежеге жетеді. Әйелдер, аналар, әжелер қауымы махаббаты қандай ғажайыптардың туылуына себепкер болады десеңізші. Бұған мысал ретінде атақты Пушкинді, ғұлама Абайды мысалға келтіруімізге болады.

Немересі Абайды бала кезінен құлағына ертегілер, әңгімелер мен дастандарды құйып, тәрбие беріп өсіріп, жеткен деңгейінің бастамасын береген әжесі – Зере. Бұл тізімге тағыда Пабло Пикассо, Менделеев және тағы да басқа ұлы адамдарды кіргізуге болады. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Осындай жандарды тәрбиелеген аналардың әлемге деген әсерлері зор десек артық емес.

Қорқыныш, сәтсіздік, қуаныш сезімін сезген кезде бірінші есімізге келетін жан - ана. Біз үйге кешігіп жатсақ ұйқысыз, көз ілмей бізді күтіп уайымдап жатады. Оларды кейде түсінбей, сөз қайтарып қайырып тастаймыз. Бізбен сөйлескілері келген кезде шаршап тұрғанымызды, уақытымыздың жоқтығын айтып көңілдерін қайтарамыз. «Жалғыз баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші баласы үшін бірінші сәтте ана жүрегі дірілдеді.

Осыншама жылулық беретін жансыз да жүргендер қаншама. Ана махаббатын сезініп, жылы құшағына оранғысы келетіндердің арманы бір рет ана жүзін көріп, жұмсақ қолын ұстау. Анасыз өмір — сөнген көмір. Еш жылулықсыз.

Егер де мен анама хат жазар болсам, хатым шексіз немесе, «Ана мен сені жақсы көремін» - деген қысқа сөзбен бітіп, қалғанын жанына барып қатты қысып құшақтап іспен жеткізер едім. Айтқанымдай сөздер жеткізе алмас.

Ана - әлем тербетуші, ұлт тәрбиелеуші, жылулық көзі.



 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Comments


© 2023 by Elijah Louis. Proudly created with Wix.com

bottom of page