top of page

Астана-тәуелсіздіктің жемісі. (эссе)

  • Фото автора: Aray Aidyn
    Aray Aidyn
  • 14 мая 2019 г.
  • 2 мин. чтения

Тәуелсіз еліміздің кең байтақ жерінде кезінде ХІ-ғасырларда өмір сүрген түркі хадықтарының бірі – Қыпшақ елінің астанасы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы маңында орналасқан екен. Яғни біздің астанамыздың орналасу орыны тек ыңғайлылық пен жалылыққа байланысты емес, тарихи да маңызы болғаны. Бірақ, бас қаланы тәуелсіздік пен тәуелсіз е айансы деп айта аламызба? Ордамыздың маңызы қаншалық?

Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы қазақ елі егемендігін алған кезде ел орталығы – Алматы қаласы болған еді. Алмалы - Алматы сол кездерде ең үлкен, адам саны көп шоғырланған , сауда мен тағы да басқа істер ең дамыған қала еді. Тәуелсіз ел болғаннан кейін мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы алтыншы шілде күні Қазақстанның бірінші президентіні шешімі бойынша бас шаһарда Алматы қаласынан сол кездегі Астана қаласына көшіру шешімі қабылданды. Астана қаласы сол жылдан бастанп Н.Назарбаевтың гео-саяси проекты болып табылады. Бұндай аса маңызды да жауапкершілігі мол қадамға жұрт сыны да көп болды. Алайда дана халқымыз айтатындай “Басы қатты болса, аяғы тәтті болады”- демекші Орда жылдап, айлап емес, күндеп, сағаттап өсе бастады. Уақыт өте келе көз жауын аларлық жүздеген зәулім ғимараттар, ойын-сауық кешендері, ботаникалық бақ және астана символына айналған “Бәйтерек” монументі бой көтерді.

Тәуелсіздік туы желбіреген бас қала өз төрінде маңызды іс-шараларды өткерген. Солардың бірі “ЭКСПО-2017” көрмесі. Бұл көрме төрткүл дүне елдеріне тәуелсіздік жемісін, елдің жетістіктерін, ел дамуын паш етті. Тәуелсіздіктің біз көріп отырған бейбіт әлемі қан төгіс пен көптеген сынақтар арқасында келген. Тәуелсіздік таңын көру, жету үшін талай атаоарымыз бен бабаларымыз жанын пида еткен. Қан мен термен келген тәуелсіздік жемісін біз, кейінгі ұрпақ көрудеміз. Тәуелсіздік болмаса, ел еркіндігі жоқ болса тұтас болып бір мемілекет бола алмайды. Себебі бұл мемлекет болудың басты фаторларының бірі.

Бейбіт еліміз де, астанамыз Нұр-Сұлтан да, бақытты көк аспанды мемлекетіміз де тәуелсіздіктің жемісі, тәуелсіздікпен келген сый.

Қорытындылай келе, талайдың көзайымына айналған бас шаһар әсемдігімен қоса, жоғарғы талаптарға сай заманауи болуымен бірге баңызы да аспандай. Әр ел астанасы сол ел атымен бірге бренд тәріздес үнемі қос болып жүреді. Барлық маңызды шешімдер шешілетін қала болып табылады. Еліміздің көк байрағы бик тұрған ел-ордамыз сол үшін тәуелсіздік жемісі ұғымына айна тәріздес, егіз ұғым.


 
 
 

Недавние посты

Смотреть все

Comments


© 2023 by Elijah Louis. Proudly created with Wix.com

bottom of page