Кітап маңызы (мақала)
- Aray Aidyn
- 14 мая 2019 г.
- 1 мин. чтения
Ең соңғы рет қашан кітап оқыдыңыз? Егер оқушы болсаңыз пәндік оқулықтардан тыс әдебиеттер көп оқисызба?
Зерттеулерге сүйенсек көп кітап оқу тек қана білім бермей адамның денсаулығына да көптеген пайдаларын тигізед екен. Әр бұлшық етті шынықтырып, жетілдіріп отырған сайын адамның физикалық жағдайы жақсарып, денсаулыққа жақсы сеп тигізеді. Әр жаттығулар сайын жаңа мүмкінішіліктер артып, күш көбейіп отырады. Егер жаттығулар мүлдем жасалынбайтын болса, бұлшық еттер қызмет жасамайтын болса арты жағымсыз нәтижелерге әкеледі. Сол тәрізді адамның миы да жаттығуларды қажет етеді. Ал кітап оқу ми үшін ең қажет жаттығулардың бірі. Әр кітапқа зейін қойып оқыған сайын адам стресстік жағдайлардан арылып, тыныштыққа бөленеді, және де кітапты көп оқыған адамдар альцгеймер, ұмытшақтық тәрізді ауруларға душар болу пайызы төмендейді. Кітапты көп оқыған адамның сөздік қоры көбейіп, есте сақтау қабілеті әжептәуір жоғарылайды.
Қазіргі кезде кітап желісімен көптеген фильмдер түсірілуде. Әрине кино, фильмдерді тамашалау қызықты, бірақ, адам дайын бейнені көргенде кітап оқығандай өз ойында елестетіп, кейіпкерлерді өз қиялында елестетпейді. Тек дайын бейнелерді көріп, оқиға желісінен хабардар болады. Көптеген кино, фильмдер бірнеше сағат ішіне бір бүтін кітапты сыйдыра алмағандықтан оқиға да толық ашық көрсетілмеді. Сол себептерден де кітапты оқып, оқиға ішіне толықтай бір кіріп шығу әлде қарай қызықты және пайдалы болып келеді.

Comments