Қазіргі заман мәселесі... (мақала)
- Aray Aidyn
- 14 мая 2019 г.
- 2 мин. чтения
Ықылым заманнан бері қазақ халқы үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білуімен ерекшеленіп келе жатыр. Халқымыздың тамырынан бастап тұтасқан бұл – тәрбие. Ал тәрбие отбасы ошағынан басталады. Сапалы ұрпақ тәрбиесі берілетін бақытты отбасы бейнесі ата мен аженің қамқорлығынан және ата-ана мейіріміне толы болады. Алайда, уақыт өзгере адамдар да өзгеруде. Адамдардың түсініктері, тәрбие беруі де заманға сай өзгеруде. Бірақ, өкінішке орай барлық өзгерістер оң нәтиже беруде деп айта алмаймыз. Бұның бәрі үлкен мәселелерге әкеліп соғып жатыр. Бұл ахуалдардың ең өзектісінің бірі - қарттар үйіндегі қариялардың санының артуы. Балалары, немерелері бар, бірақ “тастанды” болып қалған қаншама қарттың жағдайларының куәгері болып отырмыз. Әрине, жаға ұстатарлық жағдайлар. Бұның бәрі ата мен әже тәрбиесін көрмей ер жетіп келе жатқан балалардың жағдайын ауырлатады. Әже ертегісін тыңдап, атаға еркелеп өскен бала қандай бақытты. Әттең, сол қазыналарымыздың қадірін біле білмейміз-ау. Бұл өзекті жағдайлардан қазақ халқының “Үлкенге – құрмет...” көрсетері өткенде қалды ма деп те ойлап қаласың…
Тастанды болып қалып жатқан балалалар саны да өспесе кеміп жатқан жоқ. Қазір Қазақстанда ата-ана қамқорынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш әрине қуантарлық жағдай емес. Және сол жетімдер үйінің көптеген бала санының көп болуы, мамандар жеткілікіздігі сынды мәслелерімен қоса сол жердің түлектерінің жоғарғы оқу орнына қабылдануы туралы да көптеген шешілмеген мәселелер жауапсыз жатыр. Әрине бұндай мәселелерден соң әке-ана мен ата-әже беретіндей тәрбие болмайды. Ал өз жүрегінен шыққан бауыр ет баласын неліктен керексіз деп танып қалдырып кетеді? Бұл мәселе біздің ата бабаларымызда мүлдем болмаған. Олар жетімді жетімсіретпей, жесірді жылатпай өз қамқорларында бір ел, бір ауыл боп қамқорларына алған. Қазіргі бұл болып жатқан мәселелер ақырындап ұлт болмысының жоғалынуына, бұрын соңды болмаған сұм дүниенің сұмдық өзгерістеріне әкелуде.
Барлық ахуалдар шешімі де, басталуы да – Тәрбие. Қазақ отбасындағы берілетін тәрбие негізі жеткіншектің қоғамдағы өзін ұстай білуі, өз рөлі және отанға деген патриоттық сезім мен міндеті болып келеді. Мысалға келтірек, ең қарапайым балаға ертегі айтып, ауыз әдебиетімен жастайынан таныстыру. Сол ертегіден әрине бала өмірлік тәжірибе мен білім жинайды. Бұл тек қана кішкентай мысал. Әрине көптеген қазақ отбасыларында бұл әлі сақталып. Әрине қуантарлық жағдай. Ең маңыздысы ел болмысын, ұрпақ тәрбиеін жоғалтпай сақтап қалу. Ал бұл болашақ ұрпақ, біздердің, жастардың қолында.

Comments